педагог қызметкерлердің бос лауазымына конкурс » «№41 жалпы білім беретін мектебі»
Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№41 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 498-84-40
Ұялы телефон:
+7(705) 498-84-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » педагог қызметкерлердің бос лауазымына конкурс
26
тамыз
2025

педагог қызметкерлердің бос лауазымына конкурс


ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің 

"№41 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары ШҚО, Өскемен қаласы, 41_mektep_oskemen@vko.edu.kz электронды поштасы, І. Есенберлин к., 29 мекен-жайы бойынша 27.08.2025-05.09.2025ж. аралығында (қабылдау бөліміне қағаз форматта папкамен) қабылданады. Байланыс телефоны 87058570705.  

  1. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 бірлік;
  2. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 2 бірлік;
  3. Математика (алгебра, геометрия) пәні мұғалімі - 3 бірлік;
  4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - 2 бірлік;
  5. Тарих пәні мұғалімі - 1 бірлік; 
  6. Көркем еңбек (ұлдар) - 1 бірлік;
  7. Көркем еңбек (қыздар) – 1 бірлік;
  8. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  - 3 бірлік;
  9. Ағылшын тілі пәні мұғалімі -1 бірлік;
  10. Физика пәні мұғалімі – 1 бірлік;
  11. Музыка пәні мұғалімі – 1 бірлік;
  12. Дене шынықтыру пәні мұғалімі – 1 бірлік;
  13. Бастауыш сынып мұғалімі – 6 бірлік;
  14. Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі – 1 бірлік;
  15. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы – 1 бірлік;
  16.  Педагог-психолог – 2 бірлік;
  17. Әлеуметтік педагог – 1 бірлік;
  18. Кәсіби бағдар беруші – 1 бірлік;
  19. Педагог-ұйымдастырушы – 1 бірлік;
  20. Аға вожатый – 1 бірлік;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат; 11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.


Ескерту: Конкурс жоғарыдағы бос орындарға қағаз форматта папкамен 27.08.2025-05.09.2025 ж. аралығында өтінім берген педагогтер арасында өтеді.

Конкурс өткізу  " Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бойынша жүзеге асырылады.



Теги:
конкурс
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, көшесі Қазақстан, ғимарат 59/1, пошта индексі 070004

©2025, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru