Бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды!!! » «№41 жалпы білім беретін мектебі»
Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№41 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 498-84-40
Ұялы телефон:
+7(705) 498-84-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды!!!
14
шілде
2026

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды!!!

Хабарландыру

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің 

"№41 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, І. Есенберлин к., 29, 41_mektep_oskemen@vko.edu.kz электронды поштасы,

Байланыс телефоны 40-10-02

Төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Конкурс 15.07.2026-23.07.2026ж. аралығында "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулі (https://hr-nobd.edu.kz/) арқылы жүзеге асырылады.

1. директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 бірлік, тұрақты орын;

2. мектепалды даярлық сынып мұғалімі – 1 бірлік, тұрақты орын;

3. бастауыш сынып мұғалімі – 5 бірлік, 1 уақытша, 4 тұрақты орын;

4. ағылшын тілі мұғалімі – 2 бірлік, уақытша орын;

5. орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 4 бірлік, тұрақты орын;

6. информатика мұғалімі – 1 бірлік, уақытша орын;

7. музыка пәні мұғалімі – 1 бірлік, тұрақты орын;

8. алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы - ұйымдастырушысы – 1 бірлік, тұрақты орын;

9. аға тәлімгер – 1 бірлік, тұрақты орын;

10. педагог – кәсіптік бағдар беруші – 1 бірлік, тұрақты орын;

11. педагог – логопед – 1 бірлік, тұрақты орын;

12. педагог – дефектолог – 1 бірлік, тұрақты орын;

13. хореограф – 1 бірлік, тұрақты орын;

14. педагог – ассистент – 1 бірлік, уақытша орын.


Біліктілікке қойылатын талаптар: 

  1. тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім;
  2. педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл;
  3. мерзімі өтпеген пәндік біліктілігін арттыру курсының сертификаты және инклюзивті білім беру бойынша курс сертификаты

Лауазымдық міндеттері: 

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; 
  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін , тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді; 
  • журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады; оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; 
  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; 
  • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; 
  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; 
  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; 
  • ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады; 
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; 
  • тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; 
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, көшесі Қазақстан, ғимарат 59/1, пошта индексі 070004

©2025, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru