педагог қызметкерлердің бос лауазымына конкурс » «№41 жалпы білім беретін мектебі»
Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№41 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 498-84-40
Ұялы телефон:
+7(705) 498-84-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » педагог қызметкерлердің бос лауазымына конкурс
12
қыркүйек
2025

педагог қызметкерлердің бос лауазымына конкурс

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің 

"№41 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары ШҚО, Өскемен қаласы, 41_mektep_oskemen@vko.edu.kz электронды поштасы, І. Есенберлин к., 29 мекен-жайы бойынша 15.09.2025-23.09.2025ж. аралығында (қабылдау бөліміне қағаз форматта папкамен) қабылданады. Байланыс телефоны 87071385533.  

  1. Тарих пәні мұғалімі – 16 сағат; 
  2. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  - 16 сағат;
  3. Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі – 1 бірлік;
  4. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы – 1 бірлік;
  5. Педагог-психолог – 1 бірлік;
  6. Әлеуметтік педагог – 1 бірлік;
  7. Педагог-ұйымдастырушы – 1 бірлік;
  8. Логопед – 1 бірлік;
  9. Дефектолог – 1 бірлік;
  10. Хореограф – 1 бірлік
    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
    1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
    7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
     8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
       11) осы Қағидаларға 12, 13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
    12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

    Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері
    Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

    Ескерту: Конкурс жоғарыдағы бос орындарға қағаз форматта папкамен 15.09.2025-23.09.2025 ж. аралығында өтінім берген педагогтер арасында өтеді.
    Конкурс өткізу  " Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бойынша жүзеге асырылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, көшесі Қазақстан, ғимарат 59/1, пошта индексі 070004

©2025, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru