№41 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан Қамқоршылық кеңес құрылады » «№41 жалпы білім беретін мектебі»
Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№41 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 498-84-40
Ұялы телефон:
+7(705) 498-84-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №41 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан Қамқоршылық кеңес құрылады
22
қыркүйек
2025

№41 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан Қамқоршылық кеңес құрылады

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар мен қоғам өкілдері!
"№41 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан Қамқоршылық кеңес құрылады.
Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымының ашықтығын қамтамасыз етуге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, әлеуметтік қолдауға және тәрбиелік жұмыстарға атсалысуға бағытталған қоғамдық орган болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
ата-аналар комитетінің мүшелері;
қоғамдық ұйымдар мен жергілікті қауымдастық өкілдері;
демеушілер мен меценаттар;
педагогикалық ұжымның өкілдері енгізіледі.
Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
мектептің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға қолдау көрсету;
әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ұйымдастыру;
оқу-тәрбие процесіне қатысты ұсыныстар енгізу.
Кеңеске мүше болуға ниетті азаматтар өтініштерін ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күнінен бастап 20 қазан  күніне дейін мектеп әкімшілігіне (мекенжайы: Өскемен қаласы, Ілияс Есенберлин даңғылы, 29 ғимарат) тапсыра алады.
Байланыс телефоны:87779909344
Құжаттар тізімі:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, көшесі Қазақстан, ғимарат 59/1, пошта индексі 070004

©2025, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru